Қауіпті аймақтарға шығуға шектеу бар
Қауіпті аймақтарға шығуға шектеу бар
522
оқылды
Бұрнағы күні журналист, блогер Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Украинада тұтқынға түскен бір азаматтың «Қазақпын, Қазақстаннанмын, жұмысқа келгем» деп айтып жатқан видеосын жария­лаған еді. Аталмыш жайтқа орай Сыртқы істер ми­нистр­лігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.
«Біз Украинаның құзыретті органдарынан Қазақстан аза­маттарын ұстау немесе Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысуы туралы ресми ақпарат алған жоқпыз. Бұл ретте, өзде­ріңіз білетіндей, мұндай әре­кет­тер ҚР заңнамасына сәйкес қыл­мыстық жауапкершілікті көз­дейді. Қозғалыс еркіндігі – Қазақстан азаматтарының ажы­рамас құқығы. ҚР заңдарына сәй­кес қызметтік міндеттерін орын­дауға, қылмыстық жауап­кершілікке, сот шешімдерін орын­дауға және т.б. тиісті се­бептерге байланысты ҚР ше­гінен тыс жерлерге шығуға бір­қатар шектеу бар. Мемлекет соғыс қимылдары өтіп жатқан немесе өмірге басқа себептермен қауіпті болса, мұндай аумақтарға бармауға тек кеңес бере алады. Бірақ мұндай жағдайларда да таңдау құқығы азаматта қалады және оның салдары үшін өзі жауап береді, – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Сонымен қатар ол Қырым сияқты осындай аумақтарға баруға Украинаның заңнамасы тыйым салуы мүмкін екенін ескертті.
«Украина тарапы Еуропалық одақ мемлекеттеріне бұзушының Шенген аймағына кіруіне ты­йым салу туралы өтініш жасауға да құ­қылы. Украина билігінің рұқ­сатынсыз Қырым аумағына және басқа да даулы аумақтарға барған қазақстандықтар Украи­наның басып алынған аумақ­тардың мәр­тебесі туралы заңын бұзушылар. Осыған байланысты оларға Украи­наның да, Батыс серіктес ел­дер­дің де санкциялары қолда­нылуы мүмкін. Кейбір жағдай­ларда қылмыстық қудалау және халықаралық іздестіру болуы мүмкін», – деді Айбек Смадияров.

Б.ИКРАМОВА