Мемлекеттік стипендия табысталды
Мемлекеттік стипендия табысталды
536
оқылды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана және Ал­маты қалаларында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2022 жылғы мәдениет саласындағы мем­лекеттік стипендияны салтанатты табыстау рәсіміне қатысты. Мемлекеттік стипендия мә­дениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашыл тұлғаларға және жастарға еліміздің руханиятын қалыптастыруға, дамытуға қос­қан үлесі үшін беріледі. Биыл 75 адам Мемлекеттік стипендия иегері атанды. Олардың қата­рында Ол­жас Сүлейменов, Мыр­затай Жол­дасбеков, Дулат Иса­беков, Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Күләш Ахметова, Хан­бибі Есенқарақызы, Ақұштап Бақтыгереева секілді көрнекті ақын-жазушылар, Асанәлі Әші­мов, Сәбит Оразбаев, Тұң­ғышбай Жаманқұлов сияқты өнер қай­раткерлері бар. Сонымен қатар Ерлан Жүніс, Самал Еслямова, Фархат Молда­ғали және тағы да басқа жас да­рындарға қолдау көрсетілді. Ерлан Қарин соңғы жылда­­ры елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды, әсіресе қоғам­дық-саяси, әлеуметтік жаңғыру жұмыстарын атап өтті. Бұдан бө­лек, мемлекет тара­пынан әдебиет пен өнерді қол­дауға қатысты ат­қарылған бастамалар жайында мәлімет берді. Мемлекеттік ке­ңес­ші 2023 жылы руханият, әде­биет пен өнер бағытында маңызды даталардың көп екенін айта келіп, зиялы қауым өкілдерін биыл қол­ға алынатын жұмыстардың жай-жапсарымен таныстырды.