Жамбыл облысында апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол басынан қатты зақым алған.
Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Луговой ауылындағы көшенің бойында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түсті.
Анықталғандай, аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «УАЗ» маркалы көлігінің сол жақ тұсымен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі және жедел жәрдем көлігіндегі 24 жастағы медицина қызметкері түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша 31 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Мercedes» автокөлігінің жүргізушісінің жауапкершілігін анықтау үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.