Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
374
оқылды
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол басынан қатты зақым алған. Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Луговой ауылындағы көшенің бойында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түсті. Анықталғандай, аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «УАЗ» маркалы көлігінің сол жақ тұсымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі және жедел жәрдем көлігіндегі 24 жастағы медицина қызметкері түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша 31 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Мercedes» автокөлігінің жүргізушісінің жауапкершілігін анықтау үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.