Пәтерінде қарасора өсірген қала тұрғыны ұсталды
Пәтерінде қарасора өсірген қала тұрғыны ұсталды
Фото: polisia.kz
488
оқылды
Пәтерінде қарасора өсірген Павлодар тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   Polisia.kz-тің дерегінше, жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер өз пәтерінде қарасора өсірген Павлодар тұрғынын ұстады. Тінту кезінде полицейлер 45 жастағы қала тұрғынынан арнайы шкафты тапты.    width= Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. Арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдарын орнатқан.
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов: «Тұрғылықты жері бойынша ер адамның пәтерінен 6 қарасора бұтасы мен 148 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы  1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді.