Өткен тәулікте елімізде коронавирус 70 адамнан, пневмония 9 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жалпы, 18 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 2 000 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 841, пневмониядан (КВИ-) – 159) емделуде. Олардың ішінде 169 пациент стационарда, 1 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
– 9 адамның жағдайы ауыр,
– 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.