Microsoft жасанды интеллект технологиясына 10 миллиард доллар салады

Microsoft жасанды интеллект технологиясына 10 миллиард доллар салады

Microsoft-тың шешімі ЖИ-дің жаңа дәуірінің басталғанын көрсетеді. Технологиялық алпауыт жасанды интеллект саласында өз орнын алуға ұмтылып жатыр. Бұған дәлел Microsoft басшылары машиналық оқыту технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы саналатын OpenAI компаниясының ChatGPT чат-боты жақын болашақта адамзат өркениетіне тереңірек әсер етеді деп сенеді. Financial Times материалына сілтеме жасай отырып Aikyn.kz технологиялық саладағы осы мәміленің себептері мен маңызын зерделеп көрді. [caption id="attachment_236591" align="aligncenter" > OpenAI сұрауларға жауап беретін және табиғи тілде мәтіндер жазатын жасанды интеллект жүйесі ChatGPT іске қосты. Microsoft осы жобаға 10 миллиард доллар инвестициясы салмақшы. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Егер америкалық бағдарламалық жасақтама жасаушының болжамы қисынды әрі негізді болса, онда басқа да технологиялық топтардың ЖИ саласында өздерінің орнын алуға деген ұмтылысын арттырады.

Сан-Францискодағы OpenAI зерттеу компаниясына Microsoft корпорациясының 10 миллиард доллар инвестициясы ЖИ-ді дамытудағы жаңа кезеңді дәлелдейтін мәміле болатын сияқты.
2022 жылдың желтоқсан айында OpenAI сұрауларға жауап беретін және табиғи тілде мәтіндер жазатын жасанды интеллект жүйесі ChatGPT іске қосты. ChatGPT – көлемі жүздеген гигабайттан бірнеше терабайтқа дейін жететін үлкен көлемдегі мәтіндер мен деректерді қолданып, өзін-өзі дамытатын алгоритммен жұмыс істейді. Ол сұрақтарға нанымды және дәйекті жауаптар береді, сөздер тізбегі бойынша келесі орынды сөзді болжайды. Осы технология мен одан туындайтын кері салдарлар туралы Aikyn.kz желтоқсанда және қаңтар айында жан-жақты жазған болатын.   [caption id="attachment_236593" align="aligncenter" > ChatGPT технологиялық әлемге терең әсер етеді, адамдардың компьютерлермен әрекеттесуі мен технологияны пайдалану тәжірибесін өзгертеді. Фото ft.com/content сайтынан алынды[/caption]
Microsoft басшылары ChatGPT жақын арада бүкіл технологиялық әлемге терең әсер етеді деп сенеді. «Бұл [ЖИ] модельдері адамдардың компьютерлермен өзара әрекеттесуін өзгертеді», – дейді Microsoft-тың ЖИ платформалар бөлімінің басшысы Эрик Бойд.
Ол компьютермен әрекеттесу жанды адаммен байланыс жасау сияқты, технологияны пайдалану тәжірибесін өзгертетінін айтады. «Олар сіздің қалауыңызды жылдам түсінеді және оны компьютерлік әрекеттерге аударады», – деп толықтырады Бойд Financial Times газетіне бұрынырақ берген сұхбатында. [caption id="attachment_236594" align="aligncenter" > ЖИ: адам менен қорықпайсың ба? Адамзаттың дәстүрлі өмір дағдыларын ChatGPT жойып жіберуі де шындыққа жақын. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Блокчейн мен криптовалюталарға деген қызығушылық бәсеңдеген сәтте әлеуетті венчурлық инвестициялар ЖИ трендін қолдауға асығуда. Өткен аптада әртүрлі дереккөздер Microsoft 10 млрд доллар инвестиция салып, OpenAI-дің акцияларын иемденген жағдайда ЖИ жасаушы компанияның нарықтық құны 29 млрд долларға өседі деп болжады. Сан-Францисколық компанияның қазіргі құны 20 млрд доллар. Әзірше бұл ақпаратқа Microsoft түсініктеме беруден бас тартқан.
2019 жылы Microsoft OpenAI-ге алғашқы 1 миллиард долларлық инвестициясын жасады. Содан бері бағдарламалық жасақтама жасаушы OpenAI технологиясын өзінің бірқатар өнімдерінде қолданып үлгерді. Дегенмен, Microsoft бұл болашақтағы жоспардың аз ғана бөлігі екенін айтады. Оның бұлттық тұтынушылары 2021 жылдан бастап мәтін жазатын ЖИ-дің GPT-3 моделін ақылы түрде қолдана алады.