Австралиялық университеттер ChatGPT-ке қарсы: студенттер оны жазба жұмысын дайындауда пайдаланады
Австралиялық университеттер ChatGPT-ке қарсы: студенттер оны жазба жұмысын дайындауда пайдаланады
Австралияның жетекші университеттері емтихандарды және білімді бағалаудың басқа әдістерін өзгертуге мәжбүр болуда. Университет басшылары ChatGPT бағдарламалық жасақтамасын студенттер эссе немесе басқа материалдарды жазу үшін пайдаланады деп күдіктенеді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
846
оқылды
Австралияның жетекші университеттері емтихандарды және білімді бағалаудың басқа әдістерін өзгертуге мәжбүр. Университет басшылары ChatGPT бағдарламалық жасақтамасын  студенттер эссе немесе басқа материалдарды жазу үшін пайдаланады деп күдіктенеді. Бұл туралы Ұлыбританияның «сапалы баспасөзі» саналатын The Guardian басылымы жариялаған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_235584" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 OpenAI жасаған ChatGPT чат-бот өткен жылы іске қосылды. Бірақ, бірден Нью-Йорк мемлекеттік мектептерінде пайдалануға тыйым салынды және киберқауіпсіздік сарапшылары оны хакерлер үшін қолайлы құрал деп санайды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Австралиялық университеттер ChatGPT-ке қарсылық білдіруде. Студенттер OpenAI жасаған чат-ботты жазба жұмысын жазу үшін пайдалана алады.
Чат-бот өткен жылы іске қосылды, бірақ бірден Нью-Йорк мемлекеттік мектептерінде пайдалануға тыйым салынды және киберқауіпсіздік сарапшылары оны хакерлер үшін қолайлы құрал деп санайды. Бұл жасақтама туралы Aikyn.kz бұрынырақ жазған болатын. [caption id="attachment_235585" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок8 Австралиялық университеттер жасанды интеллект көмегімен жазылуы оңай эсселерді ғана бағалап қоймай, зертханалық және басқа да зерттеу формаларына оралуды шешті. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Енді австралиялық университеттер жасанды интеллект көмегімен жазылуы оңай эсселерді ғана бағалап қоймай, зертханалық және басқа да зерттеу формаларына оралуды шешті. Сидней университеті жасанды интеллектің көмегімен контент жасауды алаяқтық деп бағалауда. Сонымен қатар, олар болашақта ЖИ-дің үйреншікті құралға айналатынын, сондықтан білім алушыларға оны дұрыс қолдануды үйретудің маңызды екенін мойындады.
Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің профессоры Тоби Уолша «мәтіндік генераторлармен күресу әдістері ұстаздардың жиынында талқыланғанын, олар студенттер жазған эсселерді қалай тексеру қажеттігін пысықтағанын» айтқан.
[caption id="attachment_235586" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок9 Университеттер ChatGPT құралын мәтін жазу үшін қолдану «академиялық адалдыққа нұқсан келтіреді және барлық оқу орындары үшін күрделі мәселе» деп мәлімдеді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Жоғары оқу орындарының өкілдері жаңа ChatGPT құралын мәтін жазу үшін қолдану «академиялық адалдыққа нұқсан келтіреді және барлық оқу орындары үшін күрделі мәселе» деп мәлімдеді.
ChatGPT – көлемі жүздеген гигабайттан бірнеше терабайтқа дейін жететін үлкен көлемдегі мәтіндер мен деректерді қолданып, өзін-өзі дамытатын алгоритммен жұмыс істейтін жүйе. Ол сұрақтарға нанымды және дәйекті жауаптар береді, сөздер тізбегі бойынша қисынды тіркестер таба алады.