Respublica саяси партиясы тіркелді
Respublica саяси партиясы тіркелді
734
оқылды
Respublica саяси партиясы тіркеуден өтті. Бұл туралы әлеуметтік желіде партияның жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров мәлімдеді.
"Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО-ның бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз – еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі – ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек қана күшейтті. Партияның тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты елімізге оң өзгерістер әкелер жолындағы алғашқы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймын. Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын. Алға, Отандастарым! Алға, Respublica!" – деп жазды ол.
 width=
Осылайша, Қазақстандағы саяси партиялардың саны 7-ге жетті:
  • «AMANAT» партиясы;
  • «Ақ Жол» демократиялық партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
  • «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  • Respublica партиясы;