20 ақпан күні Түркияның Анкара қаласында ислам әлемінің ең үлкен кітапханасы ашылды. Кітапхана Түркия президенті Режеп Ердоғанның бастамасымен салынған. Ғимарат Селжүк, Осман және заманауи сәулет өнерінің стилінде тұрғызылған.
Кітапхана тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Бір уақытта 5 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсететін мүмкіндігі бар. Кітап қорының көлемі – 4 млн баспа, 120 млн астам электрондық файл бар. Жабдықталу деңгейі бойынша кітапхана әлемдегі ең үздіктің бірі саналған. Құрылыстың маңыздылығын президент сарайына жақын орналасқанынан аңғаруға болады.
Мадияр ТӨЛЕУ