– Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады, – дейді Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Талғат Қойбақов.Жалпы, армиядағы салғырт-салақтықтың кесірінен парашют ашылмай қалған оқиғалар бірнеше мәрте қайталанған. 2017 жылы келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген ефрейтор Е.Өзбеков, 2019 жылы полковник С.Алдоңғаров парашюттің дұрыс ашылмауынан қаза тапқан болатын.
М.ХАҚНАЗАР