Алматыда Медеу шатқалында альпинист Анатолий Букреевке мүсін қойылды.
Мүсіннің авторы – Нұрлан Далбай. Ол Анатолий Букреевті құзға шығар алдында сәл демалып тұрған кейпінде бейнелеген. Альпинистің қолы мұз шапқышқа тиіп тұр. Мүсін Нұрлан Смағұлов қорының бастамасымен және қолдауымен орнатылған.
Салтанатты шараға арнайы келген альпинизмнен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Ерванд Ильинский, журналист, Букреев туралы «Над облаками» кітабының авторы Галина Муленкова спортшы туралы естелік айтты.
Айта кетерлігі, Анатолий Николаевич – еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, «Қар барысы» атағының иегері, төрт рет Эверестті бағындырған альпинист. Оның Эверестке көтерілуі негізінде Балтазар Кормакур «Эверест» фильмін түсірген.