Қазақстандық спортшы Қысқы универсиадада алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында жеңіске жетті.
Inform.kz-тің дерегінше, Бекентай Тұрлыбеков екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты – 27:51,5. Осылайша, қазақстандық биатлоншы Қазақстанға үшінші алтынды алып келді.
Жарыста 2-орын Бьорн Уэстервелт, 3-орында қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин иеленді.
Нәтижесінде, Қазақстан спортшылары осы жарыста бір алтын, бір қола медаль алды.