Алматы облысындағы 114 ескерткіштің жөндеуіне 150 млн теңге бөлінді
Алматы облысындағы 114 ескерткіштің жөндеуіне 150 млн теңге бөлінді
261
оқылды
Алматы облысында Екінші дүниежүзілік соғыс арда­гер­ле­ріне арналған 237 ескерткіш бар. Биылғы жоспарға сай оның 114-іне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа облыстық бюд­жеттен 150 млн теңге бө­лін­ген. Көктемнің алғаш­қы онкүндігінде барлық аудан­дар­да жөндеу жұмыстары баста­лады деп жоспарлануда. Көксу ауданында жөндеуді қажет ететін 5 ескерткіш бар. Соның бірі Зылиха Тамшыбаева ауы­лында орналасқан. Ол 1982 жыл­ы тұрғызылған. 2014 жылы қа­йта қалпына келтіру жұ­мыс­­тары жүргізіліп, соғысқа қа­тысқандардың есімдері жа­зы­л­ған екі мәрмәр тақта орна­тыл­ды. Ал биылғы жөндеу жұ­мыстары кезінде ескірген жерлері қайта жаңартылады. Оған 1 млн 600 мың теңге қара­жат бөлінген. Алматы об­лыс­тық тарихи мәдени мұра­ны қор­ғау орталығының ақпа­ра­тына сәйкес, ағымдағы жөндеуді қажет ететін ескерткіштердің көбі Алакөл ауданында орна­лас­қан. Бұл жерде биыл 10 бір­дей ескерткішке жөндеу жүр­гізу ұсынысын білдіріп отыр.