Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Қазақстан Үкіметіңің қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов сайланды.
Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар кеңесінде қалады.
Бұған дейін Болат Жәмішев «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры болып сайланған еді.