Рудныйда құбыр жарылып, 80-нен астам үй жылусыз қалды
Рудныйда құбыр жарылып, 80-нен астам үй жылусыз қалды
©Sputnik/Виталий Аньков
195
оқылды
Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді. «19 қаңтар күні сағат 10.30-да Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Осыған байланысты 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау қажет. Оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде жылу беру толық қалпына келтіріледі», – деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, таяуда Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалған еді.