«Тұмар – 2020»: Жеңімпаздарға 1 миллион теңгеден беріледі
«Тұмар – 2020»: Жеңімпаздарға 1 миллион теңгеден беріледі
Фото: Интернеттен алынды
229
оқылды
«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы 2020 жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа холл» киноконцерт залында салтанатты түрде тапсырылады, ­– деп хабарлайды «Қазақпарат». Биыл ұйымдастырушылар 10 номинация бойынша әрқайсысына 1 миллион теңгеден жүлде табысталады. Биыл төртінші рет өтетін «Тұмар» ұлттық телеарна сыйлығының өз ерекшелігі бар. Ұйымдастыру комитеті өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастық мүшелерінің ұсыныстарын назарға ала отырып, «Тұмар» мүсіншесіне бір миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйақыны қоса беру туралы шешім қабылдады.
Биыл сыйлық он номинация бойынша тапсырылады: «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік деректі фильм», «Үздік ток-шоу», «Үздік ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік аймақтық телеарна».
Әр номинация бойынша «Тұмар» сыйлығы мен бір миллион теңгені алуға төрт үміткер қатыса алады.