Айлығы жылына 31 млн: Роналду аспаз іздеп жатыр
Айлығы жылына 31 млн: Роналду аспаз іздеп жатыр
628
оқылды
Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду өзінің жаңа үйіне суши аспазшы іздеп жатыр.
"Роналду айына 4500 фунт стерлинг (шамамен 2,6 миллион теңге) жалақы алатын суши аспазын белсенді түрде іздеуде", – деп жазады The Sun.
Криштиану Роналду және оның жұбайы Джорджина дәстүрлі португал тағамдарын ғана емес, сонымен қатар дәмді суши жасай алатын аспаз іздеуде. Бір жыл ішінде аспаз 54 мың фунт стерлинг (шамамен 31 миллион теңге) таба алады. Роналдудың жаңа үйіне басқа да жұмысшылар қажет. Мысалы, жылдық жалақысы 57 мың фунт стерлинг (шамамен 32,7 миллион теңге) болатын үй қызметшісін іздеуде.