Полицейлер 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адамды ұстады
Полицейлер 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адамды ұстады
272
оқылды
Өскемен қаласында 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды. Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зират тонаумен айналысқан 25 жастағы жігіт ұсталды.Тексеру барысында ер адамның көлігінен темір қоршаулардың сынықтары табылды.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ушановский зиратына жақын жерде «Хонда» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктен үш металл қоршау анықталып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды» делінген ақпаратта.
Алдын ала мәлімет бойынша, қала тұрғынының зираттағы тағы сегіз ұрлыққа қатысы бар.