Өткен тәулікте коронавирус 74 адамнан анықталды. Пневмонияға 7 адам шалдықты. Пневмониядан 1 науқас көз жұмды. Бұл туралы Aikyn.kzДенсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы, 20 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирустан 1 949 адам (коронавирус (КВИ+) –1 796, пневмониядан (КВИ-) – 153 адам емделуде. Оның ішінде, 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 10 адамның жағдайы ауыр,
– 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.