Грузияда ер адам үйінің балконынан автоматтан оқ жаудырды
Грузияда ер адам үйінің балконынан автоматтан оқ жаудырды
Фото: 24newnews.ru
459
оқылды
Елдің шығысындағы Сагареходағы пәтерінің балконынан автоматтан оқ жаудырған отставкадағы грузин сарбазының қолынан төрт адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды, олардың біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури. Атыс салдарынан Кахетия полиция бөлімінің аудандық бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты, 38 жастағы Отар Гвинашвилидің қаза тапқан. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен ол өз пәтерінің балконынан көшедегі адамдарға оқ атқан бұрынғы әскери қызметкердің қолынан қаза тапты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқ атқан адам оқиға орнына арнайы жасақ жеткенде өз-өзіне қол салды.