Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жаңа қойылымның тұсауын кесті.
Ата тілегі мен бала арманы төңірегінде өрбіген жүректі елжіретер «Ақ кеме» спектаклі көрермен назарына ұсынылды. Әйгілі жазушы Ш.Айтматовтың өзіндік қайғы мен мұңы, қуанышы мен үміті бар бұл туынды кімді болсын бейжай қалдырмайды. Қойылымды 26 қаңтар күні театр сахнасынан тамашалай аласыз.
Сондай-ақ аталған театр 77 маусымында су жаңа «Дилфизо мен Донада» қойылымын ел назарына ұсынды. Бұл спектакль 27 қаңтар күні сахналанады.
Ал М. Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театры биыл көрерменіне «Жан әке» (қазағым, қайда барасың?) драмасын тарту етті. Бұл қойылымның авторы – Флориан Зеллер. Қазақ тіліне аударған Тілектес Мейрамов болса, сахналық нұсқасы Болат Әбділмановке тиесілі. «Жан әке» көп қырлы спектакль. Психологиялық тұрғыдан күрделі қойылымда шын өмір мен бас кейіпкер қиялындағының аражігін ажырату оңай емес, интригалар да жеткілікті. Әртүрлі жағдайларда ойналатын диалогтарда қарама-қайшы көзқарастар шиеленісе түседі.