Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаға тартылды
Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаға тартылды
409
оқылды
Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаланды, ол 69 мың теңге айыппұл төлейді. 20 қаңтарда Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне әйел адам өзінің итін өлтірген бейтаныс адамға шара қолдануды сұраған. ІІМ бұл факті полицияда тіркелгенін хабарлады. Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша иесіз иттерді (дротикпен ату) атқанын анықтады.
"Осы факті бойынша полиция оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге арызданушы материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүгінуі қажет", - деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.