Зообақ әкімшілігі мұндай әрекеттердің келушілер үшін белгіленген ережелерге қайшы келетінін еске салды.
«Арыстанға тас лақтырды»: алматылық келіншек хайуанаттар бағының ережесін бұзғаны үшін жазалануы мүмкін
фото: www.istockphoto.com
138
оқылды

Алматыдағы хайуанатта бағына келушілердің бірі  жануардың назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған. Енді ол сол үшін жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жануарларға қандай да бір зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, оларды әдейі мазалауға немесе үркітуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер жануарларға күйзеліс тудырып, денсаулығына кесірін тигізуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін хайуанаттар бағының әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жинап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаған. Қазір қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Зообақ өкілдері келушілерді жануарларға құрметпен қарап, белгіленген тәртіп ережелерін сақтауға үндеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы / Алматинский зоопарк (@almatyzoo)