Астаналық дәрігерлер қауіпті аурумен ауырған әйелді аман алып қалды
Астаналық дәрігерлер қауіпті аурумен ауырған әйелді аман алып қалды
532
оқылды
Астаналық дәрігерлер қауіпті аурумен ауырған жаңа босанған әйелді аман алып қалды. №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері панкреатитпен ауыратын жүкті әйелді аман алып қалды. Панкреатиттің асқынған бұл түрі көп жағдайда науқасты өлім жағдайына апаруы мүмкін. Жүктіліктің 39-аптасында келіншектің бойында панкреонекроз өршіген, бұл - жедел панкреатиттің өмірге қауіп төндіретін асқынған түрі, ұйқы безі тінінің өлгенін білдіреді. Басым көпшілігінде дене мүшесінің жеткіліксіз дамуына, қанның улануына және науқастың өліміне әкеледі. Науқас әйелді ішінің жоғарғы бөлігі қатты шаншып ауырып, жүрек айну, құсу белгілері мазалаған. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Ана мен бойына біткен сәби өміріне қауіп төнгеніне байланысты жансақтау бөліміндегі акушер-гинекологтар бригадасы жедел босандыру туралы шешім қабылдады. Босанғаннан кейін келіншектің жағдайы ауыр болды, аурухананың бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев әріптестерімен бірлесе диагностика жүргізіп, клиникалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан хирургиялық араласусыз емдеу туралы шешім қабылдады.
"Жүргізіліп жатқан ем аясында жағдайды тұрақтандырып, әйелді жалпы хирургия бөлімшесіне ауыстыруға мүмкіндік туды. Бағымызға орай, операция қажет болмады, көп ұзамай әйелдің жағдайы оңалды", - деді емдеуші дәрігер Айдар Жұмағалиев.