Қазалыда жол жөнделіп, халық саны артты
Қазалыда жол жөнделіп, халық саны артты
860
оқылды
Соңғы жылдары Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында соны серпіліс байқалады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші артып, халық тұрмысы түзеліп келеді. Қайта түлеген ауданның өткені мен алдағы міндеттері төңірегінде Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңінен мәлімдеді.    width= Жалпы ауданда жылма жыл халық санында өсім байқалады. Өткен жыл шеңберінде жер кезегінде тұрған тұрғындар қатары артқан.
«Қазіргі таңда аудан орталығынан 600 гектар жер учаскесін бөлініп, жаңадан салынатын тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету жобасы әзірленіп отыр. Бұл тұрғыда Әйтеке би кентіндегы 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлердің сервистік ауыз су желісінің құрылысы басталса, аудан орталығындағы 4 қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу, 18 пәтерлі 6 тұрғын үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары биылғы жылдың еншісінде тұр. Ауданды көгілдір отынмен қамты мәселесі де назардан тыс емес. Осы орайда тиісті жоба-сметалық құжаттары жеке кәсіпкердің демеушілігімен әзірленіп, сараптамадан өтті. Бүгінде ауданды газбен қамту көрсеткіші 63,2 пайызды құрайды», - деді бұл жайында Мұхтар Әуесұлы.
 width= Ауданда жол жөндеу жұмыстары да жүйелі жүргізілуде екен. Оның ішінде ауыл арасындағы жолдар мен елдімекенішілік көшелердің жағдайы жақсарып келеді.
«Жалпы ауданда жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 85 пайызға жетті. Биылғы жылға аудандық маңыздағы 4 автомобиль жолы жөндеуден өткізілетін болады. Бұл үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елдімекенішілік жолдарды да орташа жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Әйтеке би кенті мен Басықара ауылы арасындағы көпір құрылысы биыл аяқталады. Сол сияқты Қарлан көпірінің құрылысын жалғастыруға бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралып отыр», - дейді аудан басшысы.
 width=   Аудан әкімінің айтуынша,  ауданның білім, денсаулық сақтау саласында да толымды тірліктің лебі еседі. Бұл тұрғыда алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан орталығынан 600, Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп бой көтереді деп күтілуде.  width= Сонымен қатар Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы аяқталып, бірқатар елді мекендерде медициналық бекет пен дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.  width= Сондай-ақ ауданда спорт алаңдары мен спорт кешені, мәдениет үйі мен клубтар салыну көзделсе, былтыр екі бірдей «Жастар үйі» ашылған.