Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр
Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр
491
оқылды
Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы ХVІ дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Турнирдің ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақ үшін дүбірлі доданың маңызы жоғары екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтау хатын жеткізді.    width= Мұнан соң Халықаралық жекпе-жек конфедерациясының вице-президенті Усман Дигаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев құттықтау сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.  width= Ал, облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының спорт жөніндегі орынбасары Асылжан Жаманқұл ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен даңқты балуан, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың жеделхатын табыстады.  width=    width= Байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген 200-ге тарта балуан бозкілемде бақтарын сынауда. Турнир Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр. Халықаралық турнир 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы