Сәрсенбіде ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр молынан жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан қаласында күннің екінші жартысында нөсерлі жаңбыр жауып, күндіз желдің күші 25 м/с күшейетіні күтіледі.
Шымкент қаласында күннің соңында қатты жаңбыр жауып, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.
Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, 23-28 м/с артады.
Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының орталығы - Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Орал қаласында тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с жетуі ықтимал.