Нумеролог Райм мен Еркенің жұптық сәйкестігіне қарап, олардың болашағын болжады
Нумеролог Райм мен Еркенің жұптық сәйкестігіне қарап, олардың болашағын болжады
Жас нумеролог Айнұры Есенғали отандық эстраданың танымал әншілері Райм мен Еркенің жұптық сәйкестігіне пікір білдірді. Нумерологтың айтуынша, Раймды жасы кіші, қасында бала деп санауға болмайды. Себебі ол психологиялық түрде ержеткен азамат. Бірліктері көп, яғни еркекке тән лидерлік, мықтылық қасиеті бар. Мұндай ер-азаматтың жанында Ерке өзін үлкен сезінбейді.
«Раймның жауапкершілік секторы да толы. Яғни отбасы, ата-анасы, сүйіктісі үшін жауапкершілікті көтере білетін ер-азамат. Сүйіктісінің проблемасын шешіп беруге әзір тұрады. Бұл Еркеге көптен күткен жайт болар. Райм Еркені қатты жақсы көреді. Энергиясы аз Райм энергиясы жоғары, темпераменті 3 Еркеге бірден байланып қалды. Сезім жағынан тәуелділік Раймда қаттырақ. Онсыз өзін сусыз балықтай сезінуі мүмкін. Еркеге әлі талай ән арналатын болар», –  дейді нумеролог.
Ол сөзін жалғай отырып, Раймның мінезіне қатысты да пікірін қозғап өтті.
«Дегенмен екеуінің түсінісу тілі екі түрлі. Екеуі де екі түрлі типке жатады. Раймның агрессиясы мықты. Шырпыдай тұталып кетуі мүмкін. Сол жағынан абайлауы керек. Райм өте қызғаншақ адам. Жарының өнер адам болғаны қиындық әкелуі мүмкін. Раймның отбасы секторы оның осы қызғаншақтықтан, күмән мен күдіктен айырылысуға әрекеттер жасауы мүмкін екенін көрсетеді. Ерке сырттай нәзік болып көрінгенмен, оның бірлік саны Раймнан да көп. Лидерлікке таласуы, пікірімен көп жерде санасуы мүмкін», – дейді Айнұры Есенғали.
Айта кетейік, өткен жұма күні қос әншінің Орал қаласындағы мешіттердің бірінде некелерін қиғаны туралы ақпарат тараған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айнұры Есенғали (@ainury_esengali)