Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған 12 адам сотталды
Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған 12 адам сотталды
© azattyq-ruhy.kz
228
оқылды
Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған 12 адам сотталды,  – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, өткен жылы қалада полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш көрсетудің 21 дерегі тіркелген. Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
"12 дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес лайықты жазасын алды. Осы жылдың қаңтар айында департаменттің тергеу бөлімі 3 қылмыстық істі тіркеп, күдіктілер қамауға алынды. Билік өкілдеріне күш қолданудың әрбір дерегі ерекше бақылауда. Сонымен қатар  билік өкіліне қарсы қорқыту немесе күш қолдану – қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып саналатынын және 3  жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске сала кетейік", – деді Алматы қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.