Басшылар жауапқа тартылмақ
Басшылар жауапқа тартылмақ
687
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Балқаш жылу» ЖШС басшылығына қатысты қылмыс­тық істерді тергеп жатыр. Қос мекеменің басшылары қыруар ақша жымқырған болуы мүмкін.
«АлТС» ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр (ҚР ҚК 366-бабы). «Бал­қаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточ­калық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден аса ұрлық жасады деп күдік­теліп отыр (ҚР ҚК 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден аса сомаға қарызы болған. Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байла­нысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр», – делін­ген хабарламада.
Әзірге тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмеуде.