Парламент Сенатының бірқатар депутаттары тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-бабы 1-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Евгений Андреевич Больгерт;Закиржан Пирмухамедович Кузиев;Нурия Исмагиловна Ниязова;Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.