Полициядан қашқан көлік ұрысы өзіне пышақ салды: оқиғаның толық видеосы жарияланды
Полициядан қашқан көлік ұрысы өзіне пышақ салды: оқиғаның толық видеосы жарияланды
342
оқылды
Алматы полициясы өзіне пышақ сұққан автокөлік ұрысының видеосын жариялады. Оның іс- әрекетін көлік иесі түсіріп алған. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жол бойында басқа азаматтың көлігіне отырып, оны кеңсе пышағымен қорқытқан. Бұл уақытта полиция қызметкерлері де келіп жетіп, ер адамды ұстады. Ұстау кезінде ол өзін-өзі жарақаттады.
«Қазір ер адам медициналық мекемеде. Күзет қойылды. ҚР ҚК-нің 200-бабы «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаменті «Ақсай» ықшамауданында ер адам көлік ұрлап, жол апатына түскені туралы мәлімдеген болатын. Оны ұстамақ болған кезде күдікті өзіне пышақ сұғып алған.