Air Astana авиатехниктердің Part 66 жеке оқу бағдарламасын жаңартты
Air Astana авиатехниктердің Part 66 жеке оқу бағдарламасын жаңартты
325
оқылды
Авиатехниктердің Part 66 бағдарламасына 18 бен 20 жас аралығындағы техникалық білімі және жұмыс тәжірибесі жоқ Қазақстан азаматтары қатыса алады. Осылайша, Air Astana ірі әуекомпаниясында мансап құруға тамаша мүмкіндік береді. Физика, математика және ағылшын тілінен тестілеуден сәтті өткен үміткерлер әуекомпаниясына бірден 1 жыл мерзімге кіші механик ретінде жұмысқа орналасады. Олар тұрғылықты жеріне жақын Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау немесе Атыраудағы бес базаның біріне тағайындалады. Аға әріптестердің жетекшілігімен кіші механиктер жеңіл ұшақтарға техникалық қызмет көрсетеді. Бір жыл жұмыс істегеннен кейін олар Part 66 бағдарламасы бойынша әуекомпаниясының Астанадағы ангарында оқытылады. Дәрісті Еуропаның жетекші мектептерінің бірінің оқытушылары өткізеді. Практикалық және теориялық тәжірибе алу студенттерге 3 жылдан кейін А (механик) Part 66 еуропалық лицензияны алуға мүмкіндік береді. Оқу барысында студенттер жатақханада бөлмемен, шәкіртақымен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. Air Astana бұл бағдарламаны 2018 жылы бастады, көптеген түлектер Air Astana механик, техник және инженер ретінде жұмысын жалғастыруда. Бұрын бұл бағдарламаға авиация саласында тәжірибесі бар 18 бен 34 жас аралығындағы адамдар немесе авиациялық жоғары оқу орындарының түлектері қабылданып, әуеакомпанияға оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылатын. Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады. Жұмысқа қабылдау туралы мәліметтер осы сілтеме бойынша https://job.airastana.com/apprentice/ Анықтама: EASA Part-66 лицензиясы - Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі лицензиясы.