Қасиетті Құранның жаңа аудармасы мен тәпсірі жарық көрді
Қасиетті Құранның жаңа аудармасы мен тәпсірі жарық көрді
© 24.kz
347
оқылды
Қасиетті Құранның жаңа аудармасы мен тәпсірі жарық көрді, - деп хабарлайды «Хабар 24». Араб тілінен аударған исламтанушы, наиб мүфти Ершат Оңғаров. Бүгін елордада кітаптың таныстырылымы өтіп, бірқатар зиялы қауым өкілдері жиналды. Басқосуда жастарды басқа әртүрлі ағымдардың арбауынан сақтау мәселелері талқыланды. Қасиетті Құран кітап 3000 данамен шығарылды. Оның көлемі мың беттен асады. Ершат Оңғаров аударма жасау барысында Мысыр, Түркия, Араб елдеріндегі түпнұсқаға сүйене отырып, еңбекті аяқтаған. Ол Құранды аударуға 10 жылға жуық уақыт кеткенін айтты. -Құран кітапты аударуға о баста кіріскен едім. Төрт ерекшелігі бар. Арабша мәтін берілген. Және оның мағынасы транскрипциясы, төртінші тәпсірі берілген. Кітапты аударуға 10 жыл уақыт кетті, - деді ҚМДБ наиб мүфтиі, исламтанушы  Ершат Оңғаров.