Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасын қабылдады
Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасын қабылдады
© elbasy.kz
315
оқылды
Елбасы Нүрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz. Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы Н.Назарбаев Қазақстан экономикалық интеграция идеясын әрдайым қолдағанын атап өтті. – Соңғы уақытта одаққа мүше мемлекеттер ауқымды жұмыстар атқарды. Көптеген келісімдерге қол қойылды. Барлық салада бірлескен шешімдер қабылданды, - деді Елбасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті М.Мясниковичке экономикалық одақты нығайту мәселелерін шешуде жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. – Осы жылдары ЕАЭО сәтті дамып келеді. Оған бірқатар елдер қызығушылық танытып отыр. Кей мемлекеттер бақылаушы болғысы келеді, кейбірі одаққа мүше болуға ниетті. Еуропалық Одақпен интеграцияны дамыту бағытында да біраз жұмыс күтіп тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде М.Мясникович Қазақстан басшылығымен болған келіссөздер туралы және Еуразиялық экономикалық комиссияның алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтты.