Бауыржан Байбек Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездесті
Бауыржан Байбек Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездесті
566
оқылды
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысына жасаған сапарының алғашқы күні Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында бүгінде еліміздің шалғай аудандарының түйіткілді мәселелерін шешу бойынша партия жүйелі шаралар әзірлеуде. ⠀ Түркістан облысына жасаған сапарымның алғашқы күні Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 300-ден астам отбасы 70-80 жылдары салынған үйлердегі инженерлік инфрақұрылымның тозуы салдарынан жылу беру жүйесінің мардымсыз жұмысына байланысты «Nur Otan» партиясына шағымданған. ⠀ Облыс әкімінің айтуынша, жақын арада бюджетті нақтылау кезінде жылу жүйелерін салу үшін 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қазандықтың құрылысына қаражат бөлінген. Ауыл тұрғындары көтерген мәселені шешу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды", - деп жазды ол. https://www.facebook.com/baibekbk/videos/582074449047275/