Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрқайсысына 75 мың рубль немесе 433 мың 142 теңгеден бермек. Бұл жайында Парламент Мәжілісінің депутаты әрі Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Айтуынша, күні кеше оған Мәскеуден Ауған соғысына бірге қатысқан майдангер досы хат жолдаған. Ресейдің шенді генералы тек Қазақстан емес, сонымен қатар Кеңес одағының әскері сапында соғысқан барлық ардагерге 75 мың рубльден аудармақ екен.
Еске сала кетсек, биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл болады.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=I5dBfMkqwQE&feature=emb_logo