Ақтөбеде қала сыртында орналасқан демалыс орындарының бірінде қар үстінде жүретін шағын көлік бір топ адамды қағып кетті.40 жастағы әйел қайтыс болып, 49 жастағы ер адам мен 5 кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың ішінде бір жасар сәби де бар.
Қазір осы дерек бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.