Шымкентте бес жасар бала бассейнге батып кетті
Шымкентте бес жасар бала бассейнге батып кетті
Фото: grozniy.bezformata.com
3,068
оқылды
Шымкентте бес жасар бүлдіршін фитнес орталығындағы бассейнге батып кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалып, суға тұншығып қалған.  Бұл туралы Aikyn.kz  қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 17:25 шамасында KASIET фитнес клубында болған. Құтқару қызметінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған бүлдіршіннің балалар бассейніне батып кеткені туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына келген мамандар баланың бассейнде шомылып жүріп, суға батып кеткенін анықтаған. Бассейннің тереңдігі – 1,2 метр, ал ені – 5 метр. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалған» делінген ресми хабарламада.