Мәтінге музыка жазатын жасанды интеллект шықты
Мәтінге музыка жазатын жасанды интеллект шықты
ЖИ адамның ғана қабілеті жететін шығармашылыққа салаға кірігіп, әуен жазуды үйренуде. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: DjordjeDjurdjevic
687
оқылды
Жасанды интеллект (ЖИ) негізінде жұмыс істейтін таңғаларлық құралдар мен технологиялар адамға қызмет етуін жалғастыруда. Олардың дамуы фастфуд мейрамханаларынан бастап, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге дейінгі көптеген салада адамды өзіне тәуелді ету қаупін төндіре бастады. Енді ЖИ адамның ғана қабілеті жететін шығармашылық салаға кірігіп, әуен жазуды үйренуде. ChatGPT-тің әмбебап ғажайыптары туралы SlashGear ресурсында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz музыка әлеміне енген ЖИ-дің мүмкіндігін талдайды. [caption id="attachment_238320" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок3 Google музыка жасау кезінде ЖИ қаншалықты дарынды болатынын көрсеткісі келіп, мәтінге музыка жаза алатын жасанды интеллект MusicLM құралын жасады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Xia Yuan[/caption] Google музыка жасау кезінде ЖИ қаншалықты дарынды болатынын көрсеткісі келеді. Технологиялық компанияның бір топ зерттеушілері мәтінге музыка жаза алатын жасанды интеллект құралы MusicLM-ді ұсынды. Бұрын да басқа компаниялар ЖИ технологиясын музыкалық туындылар жазуға қолданғанымен, жаңа құрал таңғалдыратын озық үлгі сияқты.
MusicLM – мыңдаған дыбысты мәтіннің мағынасымен салыстыра алатын машиналық оқыту үлгісі. Әуендер мәтіндік нұсқаулар тізбегінің көмегімен жасалады. Google-дің жаңа құралының жұмыс алгоритмін мына сілтемеден көруге болады.
Қолданушылар оны қысқа саундтрек немесе әртүрлі стильдегі музыканы өздері қалаған ырғақпен, мәдени өрнектермен жасауда пайдалана алады. Жаңа құрылғыға сөзді әуенге қосуды да тапсыруға болады. [caption id="attachment_238322" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок4 MusicLM өзіне берілген материалдарды қорытып, белгілі параметрлерді жинақтау, сараптау арқылы 15 секундтан 5 минутқа дейінгі әуеннің әртүрлі нұсқасын немесе толық композициясын жасайды. Фото Shutterstoc сайтынан алынды. Авторы: Павел Вишняков[/caption] Егер тапсырыс берушінің берген мәтіні жеткілікті болмаса, қолданушылар өздері қалаған әуенді басқа да дыбыстар арқылы ЖИ-ге бере алады.
MusicLM өзіне берілген материалдарды қорытып, белгілі параметрлерді жинақтау, сараптау арқылы 15 секундтан 5 минутқа дейінгі әуеннің әртүрлі нұсқасын немесе толық композициясын жасайды. Қолданушы болса әртүрлі бөліктерді қосу арқылы  музыканың ырғағы мен екпінін өзіне қажетті түрге келтіріп толық музыкалық шығарма дайындай алады.
Жаңа музыкалық ЖИ-дің техникалық құжаттарында MusicLM музыкалық шығарманы ести алатын және оған ұқсас өнім жасай алатын бұрынғы AudioLM құрылғысының негізінде жасалғаны айтылады. Алайда жобаға қатысушылар мәтіндік шешімді жүзеге асыру әлдеқайда қиын міндет деп болжайды. Өйткені машинаға адамдардың көңілінен шығатын, күнделікті ұнататын әуендерді таңдауды үйрету әлдеқайда қиын. Сондай-ақ оның машиналық оқыту алгоритміне негізделген жұмыс істеуі үшін мол үлгілер жиынтығы да жоқ. [caption id="attachment_238323" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 Жаңа музыкалық ЖИ-дің техникалық құжаттарында MusicLM музыкалық шығарманы ести алатын және оған ұқсас өнім жасай алатын бұрынғы AudioLM құрылғысының негізінде жасалғаны айтылады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Andriy Onufriyenko[/caption] Қазірше MusicLM көпшілік қолданысқа шығарылған жоқ. Тәжірибе барысында машина әлі де өзіне берілген сипаттарға дәл келетін әндерді шығаруда олқылық бар екенін байқатқан. ЖИ шығарған әуендердің бірнеше нұсқасы тапсырылған мазмұнға сәйкес келе бермейді. Дегенмен дәл қазіргі күйінде  ол YouTube арналары үшін тегін тректер жасаудың немесе қолданушыларға жаңаша шабыт беретін тамаша құрал болуы мүмкін.
Google мүдделі тұлғаларға MusicLM-нің музыкалық сарапшылардың көмегімен дайындаған 5 500 жұп әннің (әуен+ән мәтіні) жинағын ұсынды. Бұл MusicLM моделінің эксперименттік немесе коммерциялық іске асырылуына жеткіліксіз болса да ЖИ-ді шығармашылық салада қолдануға жасалған тамаша қадам деп бағалануда.
Сарапшылар 2023 жылы жасанды интеллект өзінің дәлдігі мен тиімділігін жылдам өсіреді деп сенеді. ChatGPT және Jasper.ai сияқты құралдар әлемдік деңгейде үлкен дүрбелең туғызуда.
ЖИ адам өмірінің маңызды бөлігін жаулап алуға қажет деңгейге қашан жететінін болжау қиын. Бірақ  оның даму пәрмені күн өткен сайын күшейіп жатқанын мойындау керек. «Адам, менен қорықпайсың ба?» деген сұрақты қойғанда біздің жауабымыз дайын бола  ма екен?! Бұл сұраққа жауапты Aikyn.kz бірнеше материалда жариялады: бірінші материал адамның миымен байланыс орнататын машиналар туралы және екінші материал ЖИ технологиясы бойынша алпауыт компаниялар арасындағы бәсекелестіктің өсуі.