10 мыңнан астам адам өтінім берген
10 мыңнан астам адам өтінім берген
1,900
оқылды
Жеке адамдардың банкроттығы туралы заң көмегін алу үшін 10 мыңнан астам адам өтінім берген.
– Осы заң аясында 1 млн 100 мың адам қамтылуы мүмкін, яғни, олар – өтініш бере ала­тындардың жалпы саны. Атап айтқанда, банкроттық жайында өтінішті адамдар ерікті түрде береді. Сондықтан азаматтардың көбі «банкрот» санатының кері тұстарын ескере отырып, алдағы уақытта жан-жақты зерделенген шешім қабылдайды деген ой­дамын. Себебі банкрот деп та­нылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге 7 жыл­дың ішінде өзін қайтадан бан­крот деп тануға жатпайды, – де­ді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Осы орайда ол банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беретін адамдардың нақты санын айта алмайтынын жеткізді.
– Қаңтар айындағы 25 күн ішінде келіп түскен өтінімдерге тоқталсақ, 10 мыңнан астам адам жүгінген. Олар банкроттық рә­сімін қолдану жөнінде шешім жасаған. Наурыз айына қарай олардың саны артуы мүмкін, – деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланған­дай, қарызы жабылмаған адам­дар 2023 жылдың 3 наурызы­нан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.