«Ауыл аманаты»: тұрғындарға жылына 2,5 пайызбен несие беруге қаржы бөлінді

«Ауыл аманаты»: тұрғындарға жылына 2,5 пайызбен несие беруге қаржы бөлінді
Фото: yandex.kz

Павлодар облысында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаcының, сондай-ақ «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасын талқылады.

Жобаның негізгі мақсаты — халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді.

Шағын несие көлемі – 8,6 миллион теңгеге дейін.

Павлодар облысында жоба шеңберінде 300 жобаны жүзеге асыруға 1,5 миллиард теңге бөлінді.

Облыс әкімі Асайын Байханов өзекті бизнес-жобалардың тізбесін және жеңілдікті кредиттер алу тетіктерін пысықтауды, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.