«Ауыл аманаты»: тұрғындарға жылына 2,5 пайызбен несие беруге қаржы бөлінді
«Ауыл аманаты»: тұрғындарға жылына 2,5 пайызбен  несие беруге қаржы бөлінді
Фото: yandex.kz
785
оқылды
Павлодар облысында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаcының, сондай-ақ «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасын талқылады. Жобаның негізгі мақсаты — халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. «Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Шағын несие көлемі – 8,6 миллион теңгеге дейін. Павлодар облысында жоба шеңберінде 300 жобаны жүзеге асыруға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Облыс әкімі Асайын Байханов өзекті бизнес-жобалардың тізбесін және жеңілдікті кредиттер алу тетіктерін пысықтауды, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.