Веб-сайттан ұлы ақынның шығармаларын оқи аласыз, - деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ онда Қазақстан мәдениеті, тарихы және өнері туралы америкалық сарапшылардың ғылыми еңбектері мен мақалалары жарияланып тұрады. Орталық Абай оқулары, дәрістер, фотокөрмелер ұйымдастырып, Қазақстан туралы фильмдер көрсетуді көздеп отыр.
Мәселен ертең, 26 ақпанда Джордж Вашингтон университетінде «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі. Бұл шараға АҚШ-тың іскер, ғылыми және мәдени қауым өкілдері мен осы елде тұрып жатқан отандастарымыз қатысады.