«Мемлекеттен 116 680 теңге беріледі» – Отбасы банк түсініктеме берді
«Мемлекеттен 116 680 теңге беріледі» – Отбасы банк түсініктеме берді
Фото: liter.kz
3,511
оқылды
Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілетіні» туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Aikyn.kz Informburo-ға сілтеме жасап хабарлайды. Әлеуметтік желіде алаяқтар «10 жылдан астам еңбек өтілі бар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарынан еңбек шегерімін ала алады» деп жалған ақпарат таратқан.
«Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «Сәлем» деген сөзді жазып жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек қана Отбасы банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлайды Отбасы банк.
Бұған дейін Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, 30 миллион теңгесінен айырылып қалғанын хабарлаған болатынбыз.