Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жындыханаға жатып шыққанын айтып, мәлімдеме жасады
Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жындыханаға жатып шыққанын айтып, мәлімдеме жасады
©ЭК
712
оқылды
Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында нақақтан-нақақ жабылған жаладан қатты күйзелгенін айтып, түбі жындыханадан бір-ақ шыққанын мойындады, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
– Нақақтан-нақақ жабылған жаладан қатты қиналады екенсің. Халықтың сынынан ауыр нәрсе болған жоқ. Дәрігерлер де мені біледі ғой. Менің қатты күйзеліп жүргенімді көрді де, терапия бөлімінен жүйке аурулары бөлімшесіне ауыстырды. Маған асылып өлгіңіз келіп жүрген жоқ па деген сұрақтарды қойды. Мен «Өмір тым тәтті, айналайын, асылып өлгені несі?» деп айттым. Күйзеліс бар, әрине. Бірақ ол үшін өмірден өту кінәңді мойындаумен бірдей ғой деп айттым. Ауруханада 15 күн жаттым. Сол кезде де келіп мені тергеді ғой. Дәрігерлер рұқсат бермесе де, тергеушілер зорлықпен келіп қысым көрсетті. Маған бәрін мойында деп қорқытты, кейіннен алдауға көшті. Ақшаны алдым деп айтсаңыз болды, кейін сізді босатып жібереміз, сізді отырғызғаннан бізге не пайда деді.  Яғни, олар жоғарыдан тапсырыс алды деп білемін, – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов  2016 жылы «Феникс» фильмінің түсірілімдеріне бөлінген 69 млн теңге қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын. 2017 жылы соттың үкіміне сәйкес, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айыпты деп танылды. Ол 7 жылға шартты түрде сотталған. Рақымшылыққа байланысты оның жаза мерзімі екі есе қысқартылды. Бірақ Қазақстанның халық әртісі фильмге бөлінген қаражаттың 69 теңгесін де алмағанын айтты.