Оқушылар тарихи жәдігер тауып алды
Оқушылар тарихи жәдігер тауып алды
631
оқылды
Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыра тауып алды. Археологтердің айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ға­сырларына жатады. Енді маман­дар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңба­лары мен керамикалық бұйым­дары бар білезік тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқу­шысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тап­ты. Тарихи олжа туралы ұлдар бір­ден ересектерге айтып береді. Жергілікті мектепте тіпті осындай жәдігерлер қойылған бұрыш та бар. жәдігер Мектеп оқушысы Артем Му­ра­вьевтің айтуынша, жәдігерді дос­тарымен ойнап жүріп тауып алған. Қазып алып, мектепке апа­рып берген. Ғалымдар бұл мекенде IX ға­сыр­да Қарлұқ қағанаты билесе, бір ғасырдан кейін Қарахандар келгенін айтады.
«Төрткүл төбесінен ауы­лымыз­­дың әсем көрінісі көрінеді. Сол жерге көтеріліп, аяғымның астынан осы тарихи жәдігерді байқап, мектепке апардым», – дейді Жұмабай Қасымхан.

А.ЖОЛДАС