Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыра тауып алды.
Археологтердің айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларына жатады. Енді мамандар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңбалары мен керамикалық бұйымдары бар білезік тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқушысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тапты. Тарихи олжа туралы ұлдар бірден ересектерге айтып береді. Жергілікті мектепте тіпті осындай жәдігерлер қойылған бұрыш та бар.
Мектеп оқушысы Артем Муравьевтің айтуынша, жәдігерді достарымен ойнап жүріп тауып алған. Қазып алып, мектепке апарып берген.
Ғалымдар бұл мекенде IX ғасырда Қарлұқ қағанаты билесе, бір ғасырдан кейін Қарахандар келгенін айтады.
«Төрткүл төбесінен ауылымыздың әсем көрінісі көрінеді. Сол жерге көтеріліп, аяғымның астынан осы тарихи жәдігерді байқап, мектепке апардым», – дейді Жұмабай Қасымхан.