Үздік актер атанды
Үздік актер атанды
1,222
оқылды
Мумбайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кино­фес­ти­валі аяқталды. «Үздік ер адам рөлі» санатында «Пара­лим­пиа­дашы» фильмінде басты рөлді сомдаған отандық актер Асқар Ілиясов жеңіске жетті. Фильмнің сюжеті бойынша бала кезінен Олимпиада алтынын жеңіп алуды армандаған жас пен болашағы зор шаңғышы Мақсат жан түршігерлік апаттан аяғынан айырылады. Жарақаттан кейінгі күйзелістен шығуға Пара­лим­пиа­даға қатысу мүмкіндігі кө­мек­­теседі.
 «Фильм барысында көп жұмыс істелді. Сіз жұмыс істей­сіз, бар күшіңізді саласыз. Еңбе­гіңіздің бағаланғанын көргенде жұмсалған күштің зая кетпегенін түсінесіз. «Паралимпиадашы» фильмі мені басқа қырымнан көрсетті. Біздің басты миссиямыз – паралим­пиадашылар тура­лы айту. Олармен бірге бір түсі­рі­лім алаңында тату ко­манда болып жұ­мыс істедік. Жалпы, фильм пара­­лим­­пиада­шылардың рухын көр­сет­кісі келді. Дебютанттардың көбі жас – ре­жиссер, продюсер, опе­­ратор, со­ған қарамастан фи­льм жеңіске жетті. Өйткені әр­қай­сысымыз актерлік ойын, сце­нарий, визу­алды сурет және басқа арқылы не айтқымыз келгенін жет­­кіздік», – дейді актер.
Фильмнің режиссері Алдияр Байракимовта, Асқар Ілиясовтың үздік атануға әбден лайықты еке­нін айтады.

А.ЖАНАСЫЛ